Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі араларыңда тұратын Құдайларың Жаратқан Ие сендердің басқа тәңірлерге табынуларыңа еш төзбейді. Әйтпесе Оның лаулаған қаһары өздеріңе қарсы лап етіп, сендерді жер бетінен құртып жібереді. Ал сол пайғамбарды не көріпкелді өлтірулерің керек. Себебі ол сендерді Мысыр елінен алып шығып, құлдықтан құтқарған Құдайларың Жаратқан Иеге қарсы шығуға еліктіріп, Оның өсиеттеген жолынан азғыруға тырысты. Зұлымдықты араларыңнан осылайша аластатыңдар! Жаратқан Ие ол туралы мынаны айтады: Біліп қойыңдар, Мен нехеламдық Шемаяхты да, оның ұрпақтарын да жазалаймын. Оның бірде-бір ұрпағы мына халықтың арасында тұрмайтын болады. Оның өзі де Мен халқым үшін жасайтын жақсылықтардың ешқайсысын да көрмейтін болады! Өйткені ол халықты Маған мойынсұнбауға шақырды! Жаратқан Ие осыны нық айтады», — деді.
Выбор основного перевода