Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ бір пайғамбар Өзім оған айтуға бұйрық бермеген хабарды халыққа Менің атымнан жеткізсе, немесе бөтен тәңірлердің атынан сөйлесе, ондай (жалған) пайғамбарды өлтіруге тиіссіңдер». — Барлық жер аударылғандарға хат жолдап былай деп жаз: «Нехеламдық Шемаях туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен өзін жібермесем де, Шемаях сендерге пайғамбар болғансып сөз айтып, сендерді өтірікке сендіргені үшін, Мен әділдерге қайғы-қасірет жібермесем де, сендер оларға өтіріктеріңді айтып, жүрексіндіріп түңілдірдіңдер. Ал зұлымдар арам істерін қоймаса да, сендер оларды жігерлендіріп, қолдадыңдар. Сол себепті теріс жолдарынан қайтпаған олар өмірлерін сақтап қалмады. Сондықтан сендер енді қайтып жалған көрініс көріп, сәуегейлік айтпайсыңдар! Мен өз халқымды сендердің қолдарыңнан құтқарып аламын. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар».
Выбор основного перевода