Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жохақым көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, оның ұлы Ехониях орнын басып патша болды. Жүрегіңнің үстіне мені мөрдей тақшы,Мөрлі білезіктей білегіңе салшы!Өйткені махаббат өлімдей қуатты,Құлшынысы оның ажалдай қатты!Ол өз отын найзағайдай шашады,Лапылдап өрт жалынындай жанады. Жаратқан Ие маған бір көріністе інжір жемісіне толы екі себетті көрсетті. Себеттер Оның ғибадатханасының алдында тұр екен. Бұл Бабыл патшасы Набуходоносор Яһуда патшасы Жохақым ұлы Ехонияхты, елдің әміршілерін, қолөнершілері мен ұсталарын Иерусалимнен Бабыл еліне айдап алып кеткеннен кейін болды. Кейінірек Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимге келіп, Жохақым ұлы Ехонияхтың орнына Жосия ұлы Седекияхты Яһуда елінің патшасы етіп тағайындады. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Сол күні, уа, қызметшім Салатиел ұлы Зоробабел, Мен сені өз қолымдағы мөрлі жүзігімдей беделді етіп тағайындаймын. Себебі Мен сені таңдап алдым». — Осы уәдені Әлемнің Иесінің Өзі берді.
Выбор основного перевода