Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біліп қой, сол үшін Мен сені уақыты келгенде ата-бабаларыңның қасына аттандырып, мәйітіңнің қабірге құрметпен қойылуына жағдай жасаймын. Осылай сен Мен осы жерге жіберетін күллі пәлелерді көрмейсің!»Елшілер патшаға қайтып келіп, осы хабарды жеткізді. Олар патшаны соғыс күймесінен дайын тұрған өзге күймесіне жатқызып, Иерусалимге алып барғанда, ол қайтыс болды. Оның мәйіті ата-бабаларының бір қабіріне қойылды. Бүкіл Яһуда мен Иерусалимнің халқы Жосияны жоқтап, аза тұтты. Еремия пайғамбар Жосия туралы жоқтау жырын шығарды. Осы күнге дейін еркек, әйел әншілер Жосия марқұмға арналған жоқтау жырларын айтып келеді. Бұларды орындау Исраилде дәстүрге айналды. Олар Жоқтау жырларының жинағына енді. Аза тұтып жатқан адамдарды жұбатып, нан үзіп беретін де, тіпті өлген әке-шешесін еске алғанда жұбаныш сусынын құйып беретін де ешкім болмайды. Сондықтан Яһуда патшасы Жосия ұлы Жохақым туралы Жаратқан Ие мынаны айтады: Кезінде оның отбасын: «Ой, бауырым, ой, қарындасым!» деп ешкім жоқтамайтын болады, оның өзін де жұрт: «Беу, тақсыр ием-ай! Ой, патшам-ай!» деп те жоқтамайды. Яһудада тірі қалып, Мысырға көшіп кеткендер өз еліне қайта оралып, тұруға қаншама аңсап ұмтылғанмен, ешқайсысы да апаттан бас сауғалап аман қалмайды. Тек біразырақ босқындардан басқа, ешкім де Яһудаға оралмайды.
Выбор основного перевода