Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал сен, ұлым Сүлеймен, әкең сиынған Құдайды жақыннан танып-біл! Оған шын жүрегіңнен және бар жан дүниеңмен қызмет ет! Себебі Жаратқан Ие күллі адамдардың жүрегінің түкпір-түкпірлерін тексеріп, олардың барлық ой-ниеттерін түсінеді. Егер Оған бет бұрып сиынатын болсаң, Оны табасың. Ал егер Құдай Иеден бас тартып, елемей кетсең, онда Ол да сенен біржола бас тартады. (Сүлейменнің жыры.)Уа, Құдай, патшаңа әділ шешімдер сыйлай гөр,Патшаның ұлына да әділдікті үйрете гөр, Ол халқыңа әділетпен билік құрсын,Жарлыларыңа әділ үкім шығарсын. Қыраттар халқыңа молшылық берсін,Қырдан олар әділдіктің өнімін терсін. Патша халықтың жарлыларын қорғасын,Мұқтаждың ұрпақтарын да аман сақтасын,Ал қанаушыларын басып жуасытсын. Патша құтқарады жалынған мұқтаждыЖәне қолдаушысы жоқ қаналғанды, Ол әлсіз бен кедейді қамқорлайды,Оларды ажалдан аман сақтайды, Анық сөйлеп, әділ үкім шығаршы,Жарлы мен мұқтаждың мүддесін қорғашы! Ал кім мақтанғысы келсе, тек Менің Жаратқан Ие екенімді және жер бетінде рақым, әділет пен әділдікті жүзеге асыратынымды біліп-түсінетінімен мақтансын! Себебі Мен осылардан рақат табамын. Мен, Жаратқан Ие, осылай деймін. Міне, қара! Мен сенің әділетсіз жолмен ие болған пайдаңа және өз араңда төгілген қанға бола ызалана екі алақанымды соғамын. Құдайды танимын дей тұра, Оның өсиеттерін орындамайтын кісі — өтірікші, соның жан дүниесінен шындық орын алған жоқ.
Выбор основного перевода