Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай Құдайдың халқы Оның тапсырған ережелерінен де, ата-бабаларымен жасаған Келісімінен де бас тартып, ескертулеріне құлақ аспады. Соның орнына олар түкке тұрғысыз «тәңір бейнелеріне» табынып, өздері де түкке тұрғысыз болып кетті. Жаратқан Ие: «Солар сияқты істемеңдер!» — деп тыйым салғанмен, олар айналаларындағы халықтардың соңынан ілесіп кетті. Баққа Мен істемеген не қалып еді?Мен одан тәтті жүзім күткенімде,Неліктен ол сондай ащы өнім берді? Тыңдаңдар: алыстағы елден халқымның зарлаған даусы естіледі:— Жаратқан Ие Сионда жоқ па екен?! Оның Патшасы енді шаһарда жоқ болғаны ма? — Жаратқан Ие:— Өздерінің жасанды мүсіндерімен, түкке тұрғысыз бөгде тәңірлерімен олар неге Менің ашуымды қоздырды? — деп жауап қайтарды. Бірақ өз халқым Мені елемей тастап кетті! Олар түкке тұрғысыз тәңірсымақтарға арнап хош иісті заттар түтетіп табынады. Осы жалған тәңірлер халқымды сүріндіріп, ежелгі ізгі жолдарынан тайдырып, нашар сүрлеу жолдарға түсірді. «Уа, халқым, Мен сендерге не істедім? Сендерді немен қалжыраттым? Маған жауап беріңдер! Мен сендерді Мысыр елінен алып шығып, құлдықтың құрсауынан құтқарып азат еттім. Сендерді жетелеуге Мұсаны, Һарон мен Мәриямды жібердім.
Выбор основного перевода