Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Зұлымның заңсыздығы жайлы жүрегімніңТүкпірінен шыққан ойды былай деймін:Оның ниеті жоқ Құдайды қастерлейтін. Бұлардың бет-әлпеттері өздерін әшкерелейді. Олар ежелгі Содом халқы сияқты ашықтан-ашық күнә жасап, соларын мақтан да етеді. Өз бастарына өздері пәле тілеген олар қасіретке қалады! — Қайтып келіңдер Маған, ей, тұрақсыз халық! Мен сендерді опасыз қылықтарыңнан арылтып сауықтырамын.— Иә, біз Саған қайтып келеміз, өйткені Сен біздің Құдайымыз Жаратқан Иесің! — дейді Солтүстік Исраилдің халқы. — Енді орманнан шыға келген арыстан оларға бас салып, құла түзде жүрген қасқыр оларды жалмайды. Қалаларының маңында қабылан торуылдап, сыртқа шыққан кез келген адамды жарып тастауға дайын. Себебі олар әбден бас көтеріп, сансыз рет Жаратқан Иеге опасыздық жасап келеді. — Күнәларымыздың көптігі бізге қарсы айғақ болса да, уа, Жаратқан Ие, өз есіміңнің даңқы үшін бізді құтқара көрші! Опасыздығымыз шегінен шыққан, Сенің көз алдыңда күнәға баттық. Исраилдің асқақтығы оның өзіне қарсы куәлік етеді. Исраилдіктер, соның ішінде Ефрем руы, өз зұлым істерінен сүрініп құлайды. Яһуда халқы да олармен бірге сүрініп құлайды. Өз халқым Менен теріс бұрылуға бейім. Олар (Бағалға) биіктеу жерлерде қаншама сиынғанмен, ол соларды (мүшкіл жағдайларынан) еш шығармайды».
Выбор основного перевода