Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені өмірдің қайнары Өзіңсің,Жарықты көреміз нұрыңда Өзіңнің. Байлар қызметшілерін суға жібергенде, олар құдықтарға барып, су таба алмайды. Бос ыдыстарын көтеріп, абыржып, күдерлерін үзген олар бастарын жауып қайтып келеді. Уа, Жаратқан Ие, Исраилдің үміті Сенсің! Өзіңнен безіп кеткен әркім масқара болады. Сенен кері бұрылғандардың есімдері шаң-тозаңға жазылғандай ұмытылады. Өйткені олар тірі судың қайнар көзі — Жаратқан Иеден бас тартты». Иса:— Егер Құдайдың өзіңе не сыйлағысы келгенін және су сұраған Адамның кім екенін білсең, сен Оның Өзінен су сұрар едің. Сонда Ол саған «өмір суын» берер еді, — деп жауап қатты. Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады. — Өйткені адамдар Құдай туралы шындықты мойындамай, жалған тәңірлерге сиынып келеді. Жаратушы Иеге бас ұрып ғибадат етудің орнына жаратылған нәрселерге құлшылық етеді. Ал Жаратушы Құдай мәңгілік мадақталуға лайық! Аумин. Сол жалған ілімді таратушылар қауымды алдап, тақырға отырғызатын, кеуіп қалған бұлақ көздеріне және дауыл айдаған, жаңбырсыз ақ бұлттарға ұқсайды. Оларға тозақтың қара түнегі дайын тұр.
Выбор основного перевода