Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие неліктен бұл ел мен мына киелі үйге осындай қорқынышты нәрсені істеді екен?» — деп мұрнын шүйіріп, ысқыратын болады. Осы киелі үй қазір салтанатты болып тұрғанмен, қиратылып, үйінді болып қалады. Сонда оның қасынан өткен-кеткен әркім аңтарыла жаны түршігіп: «Жаратқан Ие бұл ел мен мына киелі үйге неліктен осындай нәрсені істеді екен?» деп сұрайтын болады. Сондықтан оның жері қиратылып, басқа халықтар оны ысқырып, келекелейді. Сол жермен өткен-кеткендердің бәрі аңтарыла жандары түршігіп, бастарын шайқайтын болады. Менің, Жаратқан Иенің, қаһарым лап еткеннен қала қаңырап бос қалып, енді қайтып оны ешкім мекендемейді. Бабылдың маңынан өткен-кеткендердің бәрі қаланың басына түскен пәлелерді көргенде аңтарыла жандары түршігіп, ысқырып табалайтын болады.
Выбор основного перевода