Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер Өзінен бас тартып, зұлымдық жасағандықтан кенеттен құрып, жоқ болып кеткенше Жаратқан Ие сендердің қолға алған барлық іс-әрекеттеріңді қарғысқа, абыржу мен табыссыздыққа ұшыратады. Осылай Манаса Яһуда халқын Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеуге еліктіріп күнәға батқан еді. Бұған қоса Манасаның жазықсыздан-жазықсыз төккен қанының көп болғаны сонша, Иерусалим бұ шетінен о шетіне дейін қанға толғандай болды. Алайда Менен, Жаратқан Иеден, бас тартқан өзгелеріңе былай деймін: Сендер Өзіме бағышталған Сион тауын естеріңнен шығарып, Бақыт пен Тағдырды пір тұтасыңдар. Соларға арнап дастарқан жайып, дәмді шарапты толтыра құйып бересіңдер. Халқымның Мені тастап кетіп, бөтен тәңірлерге хош иісті заттар түтетіп ұсынғандары және өз қолдарымен жасап алған мүсіндерге табынып кетіп істеген барлық зұлым істеріне бола Мен оларға жазалау үкімін шығарамын! Себебі Менің халқым екі түрлі зұлымдық жасады: олар Мені, «тірі судың қайнар көзін», тастап кетті және өздеріне арнап «құдықтар» қазып алды. Сол «құдықтарының» жырық тесіктері болғандықтан, оларда су сақталмайды. Сен күйлеп, жел иіскейтін ұрғашы құланға да ұқсайсың. Оның құмарлығына кім тосқауыл бола алады? Шағылысқысы келгендерге оның соңынан қуып шаршаудың да керегі жоқ, күйлеген айында оны дереу тауып алады! Сен өзің Мені менсінбей, бас тарттың, — дейді Жаратқан Ие. — Менен кері бұрылып кете бересіңдер. Сол үшін Мен саған қарай қолымды созып көзіңді құртамын. Енді саған рақым көрсете алмаймын».
Выбор основного перевода