Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен қатар сендер аспанға қарап, ондағы күн, ай, жұлдыз сияқты аспан денелерінің үлкен тобын көргенде, соларға елігіп, табынып кетуден де сақ болыңдар! Оларды жер бетіндегі барлық ұлттардың игілігі үшін Құдай Иеміздің Өзі жаратқан. Ахаз патша кезінде тұрған сарайдағы жоғарғы бөлменің төбесіне Яһуда патшалары жалған тәңірлерге арнап құрбандық үстелдерін орнатқан болатын. Манаса патша тіпті Жаратқан Иенің ғибадатханасының екі ауласында да сондай құрбандық үстелдерін тұрғызған еді. Бұларды Жосия патша енді күлпарша етіп талқандап, Қидрон сайына лақтырып тастады. Балалары отын жинап, әкелері от жағады, ал әйелдері қамыр илеп, «Аспан патшайымы» деген тәңірсымаққа арнап нан пісіріп иіс шығарады. Олар бөгде тәңірлерге арнап сұйық тартулар құйып та ұсынады. Бұларын Мені ашуландыру үшін істейді! Сонда халдей жауынгерлері қалаға кіріп, оған от қояды. Олар қаланы бүкіл үйлерімен бірге өртеп тып-типыл етеді. Халық сол үйлердің төбелерінде Бағалға бағыштап хош иісті заттар түтетіп, басқа да тәңірсымақтарға арнап сұйық тартулар құйып ұсынуларымен Менің қаһарымды тұтатқан болатын. Әмірші Жаратқан Иенің киелі үйіне, патшаның сарайына және Иерусалимдегі барлық үйлерге от қойып, үлкен ғимараттардың бәрін де өртеп жіберді. Мен оларды өздеріне беруге салтанатты түрде ант еткен елге алып келдім. Бірақ олар көздері түскен әрбір биік төбе басында және жапырағы жайқалған ағаштың түбінде (жалған тәңірлеріне арнап) құрбандықтарын шалып, сый-тартуларын ұсынып, қаһарымды қоздырып жүрді. Бұған қоса солардың құрметіне хош иісті заттар түтетіп, сұйық тартуларын да құйып ұсынды. Жалпақ үй төбелеріне шығып, аспан денелеріне иіліп табынатындарды, әрі Жаратқан Иеге де, жалған тәңір Молохқа да бірдей құлшылық етіп, адал болуға ант ететіндерді жоқ қыламын. Ал Құдай халықтан сырт айналып кетті де, оларды аспан денелеріне құлшылық етуге қалдырды. Осы туралы Пайғамбарлар жазбаларында былай деп жазылған: «Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, сендер қырық жыл бойы айдаланы кезіп жүрген ежелгі уақыттарыңда құрбандыққа мал шалып, басқа да сый-тартулар ұсынғанда соларыңды Маған бағыштадыңдар ма?
Выбор основного перевода