Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие сол кездері Бабыл, Арама, Моаб және Аммон елдерінен Яһуданы шабуылдауға тонаушылар топтарын да жіберіп жүрді. Осылай болады деп Жаратқан Ие бұрын өзінің пайғамбарлары арқылы алдын ала айтқан болатын. «Дала мен ормандағы жыртқыш аңдар, бәрің де осында келіңдер! Халқымның жаулары, келіп, бас салыңдар! Сонда осы халықтың мәйіттері жыртқыш құстар мен аңдарға жем болып, соларды үркітіп жіберетін ешкім болмайды. Дұшпандарымның хақысы болмағанмен,Құс аулағандай соңымнан қуып жеткен. Ал саған, пендем, Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Барлық жыртқыш құстар мен аңдарды шақырып, оларға былай деп хабарла: Менің өздеріңе дайындап жатқан ұлы құрбандық асыма жиналып келіңдер! Жан-жақтан Исраилдің тауларына жиылып, сонда ет жеп, қан ішіңдер! Мен осы аянда көрген аттар мен салт аттылардың сырт көрінісі мынадай: үстерінде оттай қызыл, қара көк және күкірттей сары түсті қалқандары бар еді. Аттардың бастары арыстандікіне ұқсап, ал ауыздарынан от-жалын, түтін және күкірт шығып жатты.
Выбор основного перевода