Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жүрегімді зерттеп, түнде де мені сынадың,Тәптіштеп тексерсең де, еш нәрсе таппадың.Жалғандық айтудан ойланып сақтанам, (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.)Уа, Жаратқан Ие, мені сынап тексердің,Сен мені толығынан танып білесің: Отырғаным, тұрғаным да Саған аян,Ойларымды біліп, ұғасың алыстан. Жүрейін не демалайын, көз алдыңдамын,Жолдарымның барлығы да Саған айқын. Сөз шықпай тұрып-ақ менің аузымнанОны толық білесің, уа, Жаратқан! Бірақ Сен, уа, Әлемнің Иесі, әрқашан әділ шешім шығарасың! Адамның жан дүниесі мен ой-санасында не барын тексеріп анықтайсың. Өзіңе жағдайымды сеніп тапсырдым. Енді оларға лайықты жазаларын тартқызғаныңды маған көрсете көрші! Мені қудалаушылар масқара болсын, бірақ мені масқарадан сақтай гөр. Олар үрейленсін, бірақ мені үрейден сақтай гөр. Олардың басына апат күнін тудырып, екі есе қатты жазалап құрта гөр!» Бірақ сол алдамшы тәлім берушілер ақылдарымен емес, жабайы аңдар сияқты түйсіктерімен ғана жүреді. Ал аңдар аулап, өлтіру үшін бар ғой. Сол адамдар түсінбеген нәрселері туралы жаман сөз айта береді. Ақырында жабайы аңдар сияқты олар да жойылмақ,
Выбор основного перевода