Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие, Сен әділсің! Біз қырылудан аман қалған біраз адамбыз. Сенің алдыңда әбден кінәлі болдық. Осы істегеніміздің кесірінен ешқайсымыз Сенің алдыңда тұра алмаймыз. Халықты құртушылардың мекенінде әлі де тыныштық. Олар Құдайды қаһарландырып келеді, бірақ Ол соларды Өзінің құдіретті қолында ұстайды. Шынында мен құдіреті шексіз Құдайға тікелей тіл қатып, өз ісім жайлы дәлелдеме келтіргім келеді. Зұлымдар неге әлі де өмір сүріп, тіпті көп жасайды? Күш-қуаттары неліктен барған сайын өсе береді? Балалары көз алдында ер жетіп, немерелерінің қызығын көреді. Үй-жайлары қауіпсіз де алаңсыз, Құдайдың жазасы оларға төнбейді. Ондайлардың малы төлді болып, төлдерінің біреуі де жоғалмайды. Балаларын отардай еркін шығарып жіберіп, олар қозы-лақтай секеңдеп ойнап жүреді. Жетіген мен даңғыраның әуеніне қосылып өлең айтады, сыбызғының әуенімен де көңіл көтереді. Зұлымдар өмір бойы молшылықта болып, жер қойнына қиналмай-ақ аттанады. Сонда да олар Құдайға: «Қасымыздан аулақ кетші! — дейді. — Тура жолың жайлы білгіміз келмейді! Біз Оған қызмет ететіндей құдіреті шексіз Тәңір кім Өзі? Оған жалына сиынудан бізге не пайда?» Күнәкарлардың өркендеуін көрдім,Менмендерге қызғана қарай бердім. Өмірінде шекпейді олар азапты,Денсаулығы мықты әрі қуатты, Өзгелердей көрмейді ауыртпалықты,Басқалардай жемейді олар соққыны, Содан моншақтай тағып алып мақтанышты,Әрі киімдей жамылған зорлық-зомбылықты. Тым семіздіктен көздерін май басқан,Арамдық пиғылдары да асып-тасқан. Өзгелерді олар қорлап, жамандайды,Паңдана зәбір-жапа жоспарлайды. Көкті ауызымен иеленгенсиді,Жерге де тілімен билік еткенсиді. Сондықтан да халық оларға бет бұрып,Айтқандарын тыңдайды құштарланып: «Құдай қайдан білсін? — деп сол зұлымдарМақтана сұрайды: — Хақ Тағала ма хабардар?» Бейқам болып осы арам пиғылдыларМолынан жинайды байлықтар. Зұлымдар қазір жерді шөптей қаптайды,Заңсыздық істейтіндер өркендейді,Ал кейін олар мәңгілікке құриды. Тордың құсқа толы болатынындай, олардың үйлері алдамшылыққа толы. Соның арқасында олар байып, беделге ие болды. Олар әбден шел жинап жып-жылтыр болып алды. Зұлым істерінде енді шек жоқ, жетімнің ісін әділдікпен шешпейді, жарлының мүддесін де қорғамайды. Бірақ Сен, уа, Әлемнің Иесі, әрқашан әділ шешім шығарасың! Адамның жан дүниесі мен ой-санасында не барын тексеріп анықтайсың. Өзіңе жағдайымды сеніп тапсырдым. Енді оларға лайықты жазаларын тартқызғаныңды маған көрсете көрші! Мен Иерусалим қаласының бар байлығын жауларының олжалауына жол беремін. Олар қаланың шығарған бүкіл өнімдерін және барлық құнды заттарын әрі Яһуда патшалары жиған күллі қазыналарын тонап, Бабылға алып кетеді. Бірақ Жаратқан Ие айбат көрсеткен батыр сияқты менің жанымда. Сондықтан мені қудалап жүргендер сүрініп, мені жеңе алмайды. Олар ниеттерін іске асыра алмай, әбден ұятқа қалады. Енді қайтып жұрт олардың масқараларын ұмытпайды. Ал Сенің көздерің зұлымдыққа қарауға тым пәк, озбырлыққа қарап тұра алмайсың. Ендеше неге сол опасыздарға жол бересің? Осы зұлым жау өзінен әділірек басқаларды жалмап жеп жатқанда, Сен неге үндемейсің? Қайта, бұдан былай өркөкіректерді жарылқанған деп есептейміз. Расында зұлымдықпен шұғылданушылар табысқа кенеліп, Құдайды еркінсіп сынап келгендер аман-есен жүр ғой!» дейсіңдер.
Выбор основного перевода