Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иеремия
Параллельные места
Мені Жаратушы Тәңір Ие қолдайды, сондықтан ұялмаймын да қысылмаймын. Өзі белгілеген жолдан шықпауға белді бекем будым. Соңында ұятқа қалмайтынымды білемін. — Мен сені кен қоспасын тексеріп сынаушы іспетті етіп қойдым. Сен халқымды сұрыптап, жүрген жолдарына баға бер! — деді маған Жаратқан Ие. Мен сені осы халық үшін қабырғадай, иә, бекіністі қола қабырғадай берік етемін. Олар сенімен күрессе де, сені жеңе алмайды, өйткені Мен саған жар болып, өзіңді құтқарып, аман сақтайтын боламын! Осы уәдені берген Мен Жаратқан Иемін. Бірақ сені солардың өздері сияқты бетіңнен қайтпайтын, маңдайы қатты қайсар етемін. Мен маңдайыңды тіпті шақпақ не алмас тастан да қатты қыламын! Олар бас көтергіш халық болса да, солардан қорқып, сұсты бет-әлпеттерінен шошушы болма!»
Выбор основного перевода