Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иеремия
Параллельные места
Сионға қарай бағыттап белгі көтеріп қойыңдар! Босқа тұрмай, тез қашып құтылыңдар! Өйткені Мен солтүстіктен сұрапыл апат әкеле жатырмын!» «Бас сауғалап қашыңдар, уа, Буняминнің үрім-бұтағы! Иерусалимнен де қашып кетіңдер! Текояда дабыл қағып керней тартыңдар, Бет-Кәремнің үстінен от қойып белгі беріңдер! Себебі солтүстіктен елді қырып-жоятын сұрапыл апат келе жатыр! Құлақ түріңдер! Бір хабар жетті: ол — солтүстік жақтан келе жатқан әскердің гүрілдеген зор үні! Жау Яһуданың қалаларын елсіз қылып, шибөрілердің мекеніне айналдырады! (— деп ескертеді пайғамбар.) Қамқорлығыңа тапсырылған отарың — сен мақтан тұтатын Яһуда халқы қайда, ей, Иерусалим?Көз салып, солтүстіктен келе жатқан жауларыңа қараңдаршы!
Выбор основного перевода