Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты» Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады. Қандай ақымақтық! Ей, пенде, игі іс-әрекетсіз сенімнің пайдасыз екенін ұқпайсың ба? Демек, жансыз тәннің өлі екеніндей, әрекетсіз сенім де өлі. Сеніммен сиынғандарыңа бола Иеміз науқастың денсаулығын қайтадан қалпына келтіріп, сауықтырмақ. Егер ол күнә жасаған болса, кешірілмек. Мен Құдайдың хабарларын жеткізсем,Күллі құпия-сырларды да білсем,Әр түрлі білімді иемденсем,Тау қозғайтындай сенімге кенелсем,Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса,Түкке де тұрмаймын мен онда. Иса Мәсіхпен тығыз байланыста болғандар үшін сүндеттелу не сүндеттелмеу маңызды емес. Біз үшін ең маңыздысы — сүйіспеншілікпен әрекет жасайтын сенім.
Выбор основного перевода