Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Ол билеушілердің бет-жүзіне қарамайды. Байды кедейден артық көрмейді, себебі екеуін де Өзі жаратқан. Даналар мына нақылдарды да қалдырған.Адамды алалау сот ісінде,Бұл — нағыз әділетсіз нәрсе. Оған Иродтың жақтастарымен бірге өз шәкірттерін жіберіп, мынадай қитұрқы сұрақты қойғызды:— Ұстаз, Сіздің әділ екеніңізді білеміз. Жұртты шынымен Құдай жолына үйретіп, біреуге жағыну ниетінен аулақсыз, ешкімнің де бет-жүзіне қарамайсыз. Бұны осы дүниелік билеушілердің біреуі де ұққан емес; ұққан болса, олар Ұлылықтың Иесін айқышқа шегелетіп өлтіртпес еді. Егер адамдарды сыртына қарап алаласаңдар, күнә жасап Құдайдың заңын бұзушы болып әшкереленесіңдер.
Выбор основного перевода