Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5
Параллельные места
Мейірімділер бақытты:Құдайдың мейірімі соларға түседі! Бірақ ол күткісі келмей, әлгіні қарызын төлегенше түрмеге жапқызады. Сонда патша сол қызметкерін шақырып алып: «Әй, зұлым қызметші! Сен өтінгендіктен, мен қарызыңды түгелдей кешірдім ғой! Ендеше сен де дәл солай жолдасыңды кешіруге тиіс емес пе едің?!» дейді. Патша қаһарланып, оны қарызын толық өтегенше жазалаушыларға тапсырады. Міне, егер сендер бауырластарыңның күнәларын шын жүректен кешірмесеңдер, көктегі Әкем әрқайсыларыңа да солай істемек! Ол сонда:— Сендерге шындығын айтамын: мыналардың ең маңызсыз болып көрінген біреуіне жасамаған жақсылықтарың — шын мәнінде Маған жасамаған жақсылықтарың! — деп жауап беретін болады. Сонымен бұлар мәңгілік азап шегуге кетеді. Ал әділдер мәңгілік өмірге ие болады, — деді Иса.
Выбор основного перевода