Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Бұл елге Құдайларың Жаратқан Иенің Өзі қамқорлық жасайды. Жылдың басынан аяғына дейін Ол сол елді ұдайы назарында ұстайды. Сен «Мына киелі үйді өз атыммен атаймын» деп сөз бергендіктен, оған күні-түні қамқор бола гөр. Уа, Ием, алдыңдағы қызметшіңнің бұл жерге қарай Өзіңе бағыштаған мінажатына құлақ аса гөр. Осы Езра Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің Мұса пайғамбар арқылы берген Таурат заңын жетік білетін дін мұғалімі еді. Езра Бабылдан Иерусалимге өрлеп көшіп барды. Құдай Иесі Езраны шапағатты мейірімімен жарылқап, оған жар болғандықтан, парсы патшасы оны сұрағандарының бәрімен қамтамасыз еткен болатын. Жаратқан Ие патшаның, оның кеңесшілерінің және патшаның барлық қуатты әміршілерінің алдында да маған деген Өзінің берік рақымын көрсетті. Құдай Ием мені шапағатты мейірімімен жарылқағандықтан, жігерлендім. Содан өзіме еріп Иерусалимге өрлеп баратын біршама исраилдік басшыларды жаныма жинап алдым. Бірақ Өзін терең қастерлейтіндерге,Рақымына үмітін жүктегендергеНазарын салады Жаратқан Ие Ұсақ-түйек істер істеліп үлгерілген күнді кім менсінбейді? Болашақта адамдар Зоробабелдің қолына тіктегішін алып, құрылысқа кіріскенін көрген кезде қуанатын болады. Ал әлгі жеті май шамы бүкіл жер бетіне көз салып бәрін де көріп тұратын Жаратқан Иенің «көздерін» білдіреді».
Выбор основного перевода