Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Бабыл патшасы Набуходоносор кезінде Жаратқан Иенің Иерусалимдегі киелі үйінен тонап алып кетіп, өз тәңірінің ғибадатханасына әкеліп қойған бұйымдарды Кир патша содан шығартып алдыртты. Кир патша өзінің қазынашысы Митредатқа тапсырма беріп, ол сол бұйымдарды Яһуда халқының басшысы Шешбасарға тізім бойынша табыстады. Осылай Шешбасар Иерусалимге келіп, Құдайдың киелі үйінің негізін қайтадан қалады. Мына ғимарат сол кезден бері салынып келе жатыр, ол әлі күнге дейін біткен жоқ». Сондай-ақ, Набуходоносор кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан олжалап, Бабылға әкеткен алтын-күміс бұйымдар Иерусалимге қайтарылып, ғибадатханадағы өз орындарына апарылсын. Сен оларды Құдайдың киелі үйіне сақтап қоясың». Соның дәмін татқаннан кейін Белшазар: «Атам Набуходоносор кезінде Иерусалимдегі ғибадатханадан алып келген ыдыстар келтірілсін!» — деп бұйырды. Себебі Белшазар өзінің басшы-ұлықтары, әйелдері әрі кәнизактарымен бірге сол қасиетті ыдыстардан шарап ішпек болды.
Выбор основного перевода