Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Араларыңдағы Оның халқына жататын әр адам Яһудадағы Иерусалимге өрлеп барып, Исраилдің Құдайы Жаратқан Иеге, яғни (жер бетіндегі тұрағы) Иерусалимде болатын Құдайға, арнап киелі үй салсын! Баратын әркімге Құдайы жар бола көрсін! Патша ағзам мынаны білсе екен: Сіздің жағыңыздан бізге өрлеп көшіп келген яһудилер Иерусалимге барды. Олар сол бір зұлым да қыңыр қаланы қайтадан салып, қабырғаларын қалпына келтіріп, негіздерін нығайтып жөндеп жатыр. Біз ақсақалдарына: «Осы үйді салып, құрылысын бітіріп қалпына келтіруге сендерге кім бұйрық берді?» деген сауал қойдық. Сонымен Дарий патша мынадай бұйрық хат жолдады:«Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және сендердің қызметтестерің — сол өлкедегі қызметкерлер: сендер бұл мәселеге араласпаңдар! Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және олардың қызметтестері Дарий патшаның жарлығында айтылғандарды мұқият жүзеге асырды.
Выбор основного перевода