Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Құдайларың Жаратқан Ие (азғындыққа салынған) сол халықтарды қолдарыңа түсіріп, сендерге жеңдіргенде, барлығын да Оған бағыштап, түгелдей құртуларың керек. Олармен ешбір келісім жасамаңдар, аяп-мүсіркеуші де болмаңдар! Олармен құдандалы болып, қыз алысып, қыз берісуші болмаңдар! Мұнан кейін патша бағана жанындағы арнайы орнында Жаратқан Иенің алдында тұрып, Онымен Келісім жасады. Сонда ол Жаратқан Иенің жолымен жүріп, Оның күллі өсиеттерін, бұйрықтары мен ережелерін шын жүректен, бүкіл жан дүниесімен орындап, осы кітапта жазылған Келісімнің шарттарын жүзеге асыруға ант берді. Исраилдің Құдайының сөздерін терең қастерлеп, орындайтындар жер аударылудан қайта оралған сол адамдардың опасыздығына қатты қайғырып, айналама жиналды. Ал мен жаным түршіге есеңгіреген қалпымда сол жерде кешкі құрбандықтың уақытына дейін отырдым. Бұлардың бәрі (Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын) бөтен жұрттық әйел алып, кейбіреулері солардан бала көрген еді. «Себебі Мен ерлі-зайыптының ажырасқанын жек көремін! — деп жариялайды Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие. — Сол ісі оның әйелін зорлықпен бүркеп тастағанымен бірдей болады. Сондықтан (әйелдеріңе) опасыздық жасамау үшін жан дүниелеріңе қырағы болыңдар!» — деп ескертеді Әлемнің Иесі.
Выбор основного перевода