Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Содан кейін мен қайтадан Жаратқан Иенің алдында етпетімнен қырық күн, қырық түн бойы жатып алдым. Сендердің Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Оның ашуын туғызған барлық күнәларыңа бола сол уақыттың ішінде еш нәр татпай, су да ішкен жоқпын. «Егер басымызға бір апат: соғыс, індет немесе аштық түсе қалса, осы киелі үйіңе келіп, Сенің алдыңда тұратын боламыз. Өйткені осы үй Сенің атыңмен аталған. Біз қиыншылық көріп, Саған жалбарынған кезімізде Сен бізді естіп, құтқаратын боласың». Мұны естігенде мен отыра қалып, бірнеше күн бойы қайғырып жылап, ораза ұстап, көктегі Құдайға мінажат еттім. Былай деп сиындым: «Уа, Жаратқан Ие, көктегі Құдай! Сен Өзіңді сүйіп, өсиеттеріңді ұстанатындарға Келісіміңнің уәделерін орындап, берік мейіріміңді көрсететін ұлы да айбынды Құдайсың. Қызметшілерің — Исраилдің үрім-бұтағы үшін күні-түні Өзіңе сиынып отырған мендей құлыңның дұғаларына құлағыңды түріп, назарыңды аудара гөр! Исраилдің үрім-бұтағы — біздер Саған қарсы жасаған күнәларымызды мойындаймыз. Менің өзім де, шыққан әулетім де күнә жасадық. Құдайым Жаратқан Иеге сиынып тұрып былай деп күнәларымызды мойындадым:«Уа, Тәңір Ием, ұлы да айбынды Құдай! Сен Өзіңді сүйіп, тапсырған өсиеттеріңді ұстанатындарға Келісіміңдегі уәделеріңді адалдықпен орындап, мызғымас мейіріміңді көрсетесің! Мен осылай деп мінажат етіп, Құдайым Жаратқан Иенің алдында өз күнәм мен халқым Исраилдің күнәсін мойындап, Құдайыма бағышталған қасиетті Сион тауы үшін жалбарынып тұрдым.
Выбор основного перевода