Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Пароштың ұрпақтары: екі мың бір жүз жетпіс екі адам. Шафатияхтың ұрпақтары: үш жүз жетпіс екі адам. Арахтың ұрпақтары: жеті жүз жетпіс бес адам. Пахат-Моабтың Ешуа мен Жоғаб атты екі ұлынан өрбіген ұрпақтары: екі мың сегіз жүз он екі адам. Еламның ұрпақтары: бір мың екі жүз елу төрт адам. Заттудың ұрпақтары: тоғыз жүз қырық бес адам. Заққайдың ұрпақтары: жеті жүз алпыс адам. Банидың ұрпақтары: алты жүз қырық екі адам. Бебайдың ұрпақтары: алты жүз жиырма үш адам. Азғадтың ұрпақтары: бір мың екі жүз жиырма екі адам. Адониқамның ұрпақтары: алты жүз алпыс алты адам. Бигуайдың ұрпақтары: екі мың елу алты адам. Адиннің ұрпақтары: төрт жүз елу төрт адам. Езекияның тұқымынан шыққан Атердің ұрпақтары: тоқсан сегіз адам. Бесайдың ұрпақтары: үш жүз жиырма үш адам. Жорахтың ұрпақтары: жүз он екі адам. Хашумның ұрпақтары: екі жүз жиырма үш адам. Гибардың ұрпақтары: тоқсан бес адам. Бетлехемнің адамдары: жүз жиырма үш. Нетопаттың адамдары: елу алты. Анатоттың адамдары: жүз жиырма сегіз. Азмауеттің адамдары: қырық екі. Кирият-Иғарымның, Кефираның және Бегероттың адамдары: жеті жүз қырық үш. Рамақ пен Гебаның адамдары: алты жүз жиырма бір. Миқмастың адамдары: жүз жиырма екі. Бетел мен Айдың адамдары: екі жүз жиырма үш. Небоның адамдары: елу екі. Мағбиштың адамдары: жүз елу алты. Басқа Еламның адамдары: бір мың екі жүз елу төрт. Харымның адамдары: үш жүз жиырма. Лод, Хадид, Ононың адамдары: жеті жүз жиырма бес. Иерихонның адамдары: үш жүз қырық бес. Сенаяхтың адамдары: үш мың алты жүз отыз. Діни қызметкерлер:Едаяхтың Ешуадан өрбіген ұрпақтары: тоғыз жүз жетпіс үш адам. Имердің ұрпақтары: бір мың елу екі. Пашхурдың ұрпақтары: бір мың екі жүз қырық жеті адам. Харымның ұрпақтары: бір мың он жеті адам. Леуіліктер:Ешуаның және Қадмиелдің Ходауияхтан өрбіген ұрпақтары: жетпіс төрт адам. Әншілер:Асафтың ұрпақтары: жүз жиырма сегіз адам. Қақпа күзетшілері:Шаллум, Атер, Талмон, Ақуб, Хатита және Шобай есімді аталардың ұрпақтарының жалпы саны: жүз отыз тоғыз.
Выбор основного перевода