Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Жохақым көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, оның ұлы Ехониях орнын басып патша болды. Ехониях Яһуда елінің патшасы болған кезде жасы он сегізде еді. Ол Иерусалимде үш ай билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні иерусалимдік Елнатан қызы Нехушта болатын. Өзінің әкесі істегендей, Ехониях та Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Сол кезде Бабыл патшасы Набуходоносордың нөкерлері Иерусалимге қарсы өрлеп шығып, қаланы қоршап алды. Қоршау кезінде Набуходоносордың өзі де Иерусалимнің түбіне келді. Сонда Ехониях патша өзінің шешесі, нөкерлері, әміршілері және сарай қызметкерлерімен бірге қаладан шығып, бабылдықтарға берілді.Набуходоносор патшалық құрған сегізінші жылы Ехонияхты тұтқындады. Жаратқан Иенің алдын ала айтқанындай, Набуходоносор Жаратқан Иенің киелі үйіндегі және патша сарайындағы қазыналарын түгелдей Бабылға алып кетті, әрі Сүлеймен патшаның Жаратқан Иенің ғибадатханасына арнап жасатқан алтын жалатқан бұйымдарының барлығынан алтындарын сыдырып әкетті. Набуходоносор Иерусалимнің халқының бәрін: күллі әміршілер мен жасақшыларды, барлық қолөнершілер мен ұсталарды, жалпы он мың адамды тұтқындап өзімен бірге алып кетті. Яһуда елінде ең кедей тұрғындары ғана қалды. Набуходоносор, сондай-ақ, Ехонияхтың өзін де Бабылға әкетіп, оның шешесін, әйелдерін, сарай қызметкерлерін және елдің абыройлы адамдарын да Иерусалимнен Бабылға жер аударды. Оның үстіне Бабыл патшасы соғысқа жарамды, батыл да мықты тағы жеті мың жауынгерді және бір мың қолөнерші мен ұстаны өз еліне айдап әкетті. Жаратқан Ие маған бір көріністе інжір жемісіне толы екі себетті көрсетті. Себеттер Оның ғибадатханасының алдында тұр екен. Бұл Бабыл патшасы Набуходоносор Яһуда патшасы Жохақым ұлы Ехонияхты, елдің әміршілерін, қолөнершілері мен ұсталарын Иерусалимнен Бабыл еліне айдап алып кеткеннен кейін болды. Набуходоносор Иерусалимнен Бабылға жер аударып әкеткен халықтың әлі де көзі тірі ақсақалдарына, діни қызметкерлері мен пайғамбарларына және бүкіл халыққа Еремия пайғамбар сәлемхатын жолдады. Ол бұл хатты Ехониях патша, оның шешесі, сарай қызметкерлері және Яһуда мен Иерусалимнің әміршілері, қолөнершілері мен ұсталары Иерусалимнен айдалып кеткеннен кейін жазды.
Выбор основного перевода