Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Сол кезде Бунямин руында Қиш есімді абыройлы да ауқатты бір адам бар болатын. Ол Әбиелдің ұлы, Серордың немересі, Бехораттың шөбересі, Афияхтың шөпшегі еді. Саулдың әкесі Қиш пен Әбенирдің әкесі Нер екеуі Әбиелдің ұлдары болатын. Дәуіт патша Бахуримге таяп қалғанда, сол елді мекеннен Саулдың әулетіне жататын біреу шықты. Гера ұлы Шимей есімді сол адам патшаны қарғап-сілеп келе жатты. Бахуримнен шыққан буняминдік Гера ұлы Шимейдің өзіңе жақын тұратынын ұмытпа! Мен Маханайымға бара жатқанымда, ол маған қарғыс айтып, нәлет жаудырды. Бірақ кейін ол Иорданның жағасында қарсылап алдымнан шыққанда, мен оған «Сені өлтірмеймін!» деп ант бердім. Мұнан кейін патша буняминдік Шимейді шақырып алып, оған былай деп бұйрық берді:— Өзіңе Иерусалимде үй салып ал. Соған қоныстан да, қаладан ешқайда шығушы болма! Нердің ұлы: Қиш, Қиштың ұлы: Саул (патша). Саулдың ұлдары: Жонатан, Мәлхисуа, Әминадап, Әшбағал. Олардың жетекшілері: Зоробабел, Ешуа, Нехемия, Сераях, Регелай, Мардохай, Билшан, Міспар, Бигуай, Рехум, Бағанах.Қайта оралған исраилдіктердің жалпы саны: Сол кездері Ахасуер Сузы қорғанындағы сарайының тағында отырып билік жүргізді. Патшаның сарай қақпасындағы қызметкерлерінің барлығы Хаманға жерге дейін иіліп сәлем беретін. Себебі патша солай әмір еткен болатын. Бірақ Мардохай Хаманға иіліп сәлем берген жоқ.
Выбор основного перевода