Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Естер өзінің ата-тегі мен ұлтын Мардохайдың ескертуімен бұдан былай да ешкімге ашпады. Ол бұрын Мардохайдың қолында тұрған кезінде де оның айтқанын екі етпейтін. Олар сол екінші күні тамақ ішіп отырған кезде патша қайтадан Естерге сауал қойып:— Тілегің қандай, Естер патшайым? Ол орындалады. Қандай өтінішің бар? Патшалықтың жартысы болса да, саған беріледі! — деді. Сонда Естер патшайым былай деп жауап берді:— Уа, патшам, егер маған мейіріміңіз түссе, әрі патша ағзам мақұл көрсе, маған өмірім аман қалдырылса екен! Тілегім — осы. Халқымның өмірі де аман сақталса екен! Өтінішім — осы. Өйткені өзім де, халқым да құртылып, өлтірілуге, әбден жойылуға сатылдық! Егер бізді құл-күң қылуға сатса, мен үндемес те едім. Себебі осындай ауыртпалық патшаның мазасын алатындай мәселе болмас еді.
Выбор основного перевода