Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Жазаласын мені әділетті жан,Бұл нағыз мейірімділік болмақ маған,Сөгіс берсін маған ізгілікті жан,Бұл иісмайдай болмақ басыма жаққан,Мен еш бас тартпаймын да сол жазадан,Ал сұмдардың ісіне қарсы сиынамын Саған. Тәрбиеден безген жоқтық пен масқараға ұшырар,Ескертуге көңіл бөлген қадір-құрметке ие болар. Өмірдің тәрбиесіне құлақ түргендерДаналар арасынан орын тебер. Тәрбиеге ден қоймаған өз жанын жек көрер,Ескертуді тыңдаған ақыл-парасат иемденер. Сүйіспеншілігін жасырып, жалтарғаннан гөріРенжіткенге ашық ескерту жасаған игі. Досыңның сөгуі шынайы,Дұшпаныңның сүюі алдамшы. Жағымпаздан гөрі ескертушіСоңында көбірек көрер құрметті.
Выбор основного перевода