Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Ал жер бетінен бу көтеріліп шығып, бүкіл даланы суландырып тұрды. Адам:— Қасыма Өзің берген әйел маған сол ағаштың жемісінен берді, содан мен жедім, — деді. Даналық сені сақтайды бұзылған әйелден,Жеңіл жүрісті оның жағымпаз сөздерінен. Ол жастайынан қосылған қосағынан бас тартқан,Құдайының Келісімін есінен шығарған. Оның үйіне кіргендер өлім жолына түсер,Оның жолымен жүргендер о дүниеге жетер. Оған барған пенделер қайтып келмес,Шынайы өмірдің жолына енді түспес. Сондықтан жүр ізгілердің ізіменен,Лайым жүр әділдердің жолыменен! Себебі әділдер елді мекендейді,Кінәратсыздар сонда тұра береді. Ал зұлымдар елден аластатылады,Опасыздар түп-тамырымен құртылады. Азғын әйелдің тілінен бал тамады,Сөздері майдан да жұмсақ болады. Бірақ оның кесірі ащы жусандай,Соңы өткір болар екі жүзді семсердей. Аңшыдан қашқан еліктей дереу құтыл,Құс іспетті тұзақтан босауға ұмтыл! Көмілген күміс пен қазынадай іздесең, Сонда Жаратқан Иені қастерлеуді ұғарсың,Құдай жайлы білімді иемденіп аларсың. Азғын әйелдің сөздері — терең шыңырау,Тәңір Ие жақтырмаған пенде соған құлар-ау. Ысырап қылма әйелдерге күшіңді,Шашыратпа оларға қуатыңды,Тағынан тайдырды олар талай патшаларды. Сондықтан мен даналық пен білім әрі топастық пен ақымақтық туралы мүмкіндігінше көбірек біліп алуға көңіл бөлдім. Бірақ бұның да жел соңынан қуғандай бекершілік екенін ұғындым. Біліп қойыңдар, — дейді Даналықты уағыздаушы, — мен әр түрлі нәрселерді басымнан өткізіп, түрлі жайттарды пайымдауға тырыстым.
Выбор основного перевода