Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Зұлымдар неге әлі де өмір сүріп, тіпті көп жасайды? Күш-қуаттары неліктен барған сайын өсе береді? Күнәкарлардың өркендеуін көрдім,Менмендерге қызғана қарай бердім. Өмірінде шекпейді олар азапты,Денсаулығы мықты әрі қуатты, Өзгелердей көрмейді ауыртпалықты,Басқалардай жемейді олар соққыны, Содан моншақтай тағып алып мақтанышты,Әрі киімдей жамылған зорлық-зомбылықты. Тым семіздіктен көздерін май басқан,Арамдық пиғылдары да асып-тасқан. Өзгелерді олар қорлап, жамандайды,Паңдана зәбір-жапа жоспарлайды. Көкті ауызымен иеленгенсиді,Жерге де тілімен билік еткенсиді. Сондықтан да халық оларға бет бұрып,Айтқандарын тыңдайды құштарланып: «Құдай қайдан білсін? — деп сол зұлымдарМақтана сұрайды: — Хақ Тағала ма хабардар?» Бейқам болып осы арам пиғылдыларМолынан жинайды байлықтар. Әлде бекерге жүрегімді пәк сақтап,Қолымды күнәдан таза ұстадым ба?! Адам үшін өмірде ненің игі екенін кім біледі? Ол қысқа да мәнсіз күндерімен көлеңкедей сырғып өте шығады ғой. Өзінен кейін осы өткінші дүниеде не болатынын адамға кім білдіреді? Зұлым адам тіпті жүздеген қылмыс жасап, ұзақ өмір сүре берсе де, мен мынаны білемін: Құдайды терең қастерлеп, Оның көз алдында адал жүргендер игілікке кенелетін болады. Ал зұлымның жағдайы жақсы бола бермес. Оның ғұмыры кешкі көлеңкедей ұзара бермей, қысқа болар. Себебі ол Құдайды терең қастерлеген жоқ. Дүниеде тағы мынадай бір ақылға қонбайтын жайт та бар: зұлымдарға тиісті жазаны кейде әділ адамдар тартады, ал әділдерге тиісті сый-құрметке зұлымдар ие болады. «Бұл шынымен ақылға сыймайды» деймін.
Выбор основного перевода