Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Жасақшылар мәйітті қабірге қою үшін барды. Ал олардың бар тапқандары тек оның бас сүйегі әрі аяқ-қолдарының бастары ғана болды. Не болмаса, туған кезде-ақ неге құрымадым екен? Құрсақтан шығып жатқанда-ақ неге өліп қалмадым екен? Мені қабылдап алған тізе, мені емізген төс неге ғана болды екен? Солар болмағанда қазір мазам кетпей, тыныш жатар едім! Ұйықтай беріп, тыным табар едім. Онда патшалармен, олардың кеңесшілерімен бірге жатар едім. Тірі кездерінде олар қиратылған ежелгі сарайларды өздеріне қайта тұрғызып алған болатын. Я болмаса, алтынға бай әміршілермен және сарайларын күміспен толтырғандармен бірге тынығар едім. Немесе, неге ғана өлі туып, дүниенің жарығын көрмей кеткен нәресте сияқты көрге көмілмедім екен? Себебі о дүниеде зұлымдар қоқан-лоқы жасауларын доғарған, әрі шаршап-шалдыққандар тыным тапқан. Тұтқындар да тыныштықтың рақатын бірге көреді. Олар өздерін аяусыз жұмысқа салған бақылаушылардың дауыстарын енді қайтып естімейді. Үлкені де, кішісі де сол жерде. Құл енді қожайынынан азат. Ендеше азап шегіп жүргенге нұр, жаны қиналып жатқанға өмір неге ғана беріледі екен? Мұндайлар ажалды зарыға күтеді, оны көмілген қазынадан бетер іздейді, әйтсе де ажал оларға жоламайды. Егер өліп, қабірге қойылған болса, олар қуанышқа кенеліп, шаттанар еді. Сонымен Құдай айналасын қиындықтармен қоршап, жолын жауып тастаған адамға өмір не үшін беріледі екен? Себебі нан жеудің орнына күрсінудемін, ыңқылым ағынды судай тоқтаусыз. Неден үрейлене қорықсам, соған тап болдым, қауіптенгендерім жүзеге асты. Маған тыныштық та жоқ, тыным да жоқ. Тынығудың орнына басыма аласапыран күн туды. Сондықтан мен өлгендердің жағдайы әлі де өмір сүріп жатқандарға қарағанда жақсырақ екен деп түйдім. Ал мүлдем өмір сүрмегеннің жағдайы екеуінікінен де артық екен, өйткені ол осы дүниеде жасалып жатқан зұлым істерді еш көрген емес. Адам тіпті екі мың жыл жасап, өмірдің қызығын көре алмауы мүмкін. Әрі соңында бәрінің де баратын жері о дүние емес пе? Ал сен қажетсіз бұтақшадай қабіріңнен алыс жерге лақтырылып тасталдың. Мәйітің бір шұңқырда семсердің жүзінен қаза тапқандардың сүйектерімен жабылып, тастардың астында қалады. Иә, сүйегің өлексе іспетті тапталып, патшалар қабіріне қойылмады. Өйткені сен өз еліңді талқандап, өз халқыңды құрттың.Зұлымдардың тұқымы ешқашан еске алынбасын! Олар тірі кездерінде өздері сүйіп, жолдарын қуып, ақыл-кеңес сұрап, иіліп ғибадат еткен күн мен айдың әрі аспандағы жұлдыздардың астында қалады. Сүйектерді ешкім жинап алмайды, ешкім қабірге де қоймайды. Содан олар жерде қи сияқты шашылып жататын болады. Ал мен дүниеге келген күн құтсыз күн! Мен туылған күн еш аталмасын! Әкемді: «Сүйінші! Ұлды болдың!» деген хабармен қуантқан адам — бақытсыз пенденің өзі! Сондай адам Жаратқан Ие ежелде аяусыз құртып жіберген қалаларға ұқсайды: ол таң сәріде айқай-шу, тал түсте қағылған дабылды естиді. Әттең, ол мені құрсақта жатқанымда-ақ өлтіріп тастағанда ғой! Анамның ішінен шықпай-ақ шетінеп, оның құрсағы қабірім болып қала бергенде ғой! Неге ғана тудым екен? Пәни өмірдің азабы мен қайғысын бастан өткізіп, ақыр соңында масқараға қалу үшін ғана ма?!» Қайта, оның өлігін есектің өлімтігіндей Иерусалимнің қақпасынан сыртқа сүйреп шығарып, далаға лақтырып тастайды!
Выбор основного перевода