Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Сенің алдыңда біз де күллі ата-бабаларымыз сияқты жат жұрттық, бөтен кірмелерміз. Бұ дүниелік ғұмырымыз көлеңке іспетті өткінші де үмітсіз. Адамдар өмірден елестей өтеді,Мал-мүлік мол жинап бекер күйбеңдейді,Себебі соның кімге тиерін білмейді. Ал бір мыңжылдық Сенің көз алдыңдаӨте шыққан күн тәрізді қып-қысқа,Иә, түнгі күзеттей шектеулі ғана. Алған деміне ғана ұқсайды адам,Өткен көлеңкедей күндері қысқарған. Сонымен еткен еңбегінен қанағат табу адам үшін ең жақсы нәрсе екеніне көзім жетті. Бұл оның үлесіне тиген. Өйткені кейінірек болатын жайттарды оған кім көрсете алады? Ал пенде кейін не болатынын білмейді, әрі болашақтың қалай болатынын оған кім айта алады? Ал зұлымның жағдайы жақсы бола бермес. Оның ғұмыры кешкі көлеңкедей ұзара бермей, қысқа болар. Себебі ол Құдайды терең қастерлеген жоқ. сендер тіпті күні ертең не болатынын білмейсіңдер! Өмірлерің неге ұқсас? Ол әншейін аз уақытқа көрініп, кейін ғайып болатын бу іспетті емес пе?
Выбор основного перевода