Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Осылайша өмірімді жек көремін, мәңгілік өмір сүргім келмейді. Күндерім шығарған демімдей өткінші, өзімді жалғыз қалдырсаңшы! Бір қарыстан ұзақ емес өмірім,Қас қағым сәт — ғұмыр жасым Сен үшін.Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі! Адамдар өмірден елестей өтеді,Мал-мүлік мол жинап бекер күйбеңдейді,Себебі соның кімге тиерін білмейді. Адамзат атаулы шығарған деміңдей,Атақты, атақсыз бәрібір бекердей,Таразыға бәрін салып көргенде,Жеңіл олар шығарған деміңнен де. Алған деміне ғана ұқсайды адам,Өткен көлеңкедей күндері қысқарған. «Құр бекершілік! — деп үйрететін Даналықты уағыздаушы — (жеке өздігінен өмірдің) бәрі де бекершілік!» Өйткені жаратылыс өз еркімен емес, Құдайдың үкімімен өткіншілікке бағынды. Сонымен көзге көрінетін емес, көрінбейтін нәрселерге назар тігеміз. Себебі қазір көрініп тұрғандар өткінші, ал көрінбейтіндер мәңгі. Солай болғанда адам баласына осы өткінші дүниеде атқарған бейнетті еңбегінен және жан салған ұмтылысынан не пайда? Еңбек еткеннің өз бейнетінен көретін не пайдасы бар?
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Выбор основного перевода