Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Біліп қой, сол үшін Мен өтінішіңді орындап, саған даналық пен түсінік сыйлап отырмын. Мұндай даналық пен түсінік сенен бұрын ешкімде болмаған, өзіңнен кейін де ешкімде болмайды. Менен сұрамағандарыңды — байлық пен атақ-даңқты да саған сыйлаймын. Сендегі болатындай асқан байлық пен атақ-даңқ сенің тірі кезіңде патшалардың арасында ешкімде болмайды. Сүлейменнің даналығы шығыс елдері мен Мысыр елінің кемеңгерлерінің ақыл-парасатынан да асып түсті. Осылайша Сүлеймен патша жер бетіндегі күллі патшалардан байлығымен де, даналығымен де асып түсті. Мен іштей: «Ал енді, рақаттана шаттанып, жақсы нәрселерді тексеріп көрейінші!» — деп ойладым. Бірақ бұл да бекершілік екен. Осылай мен ұлылыққа ие болып, бұрынырақ Иерусалимде патшалық құрғандардың барлығынан асып түстім. Соның бәрінде де ақыл-парасатымнан айырылмадым. Мен іштей: «Ақымақтың басына түсетіні маған да тиесілі болса, онда соншама дана болып не бар?» — деп, бұны да бекершілік деп қорыттым.
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Выбор основного перевода