Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол тері илеуші Шимонның теңіз жағасындағы үйінде тұрып жатыр, — деп жауап берді. Петір оларды үйге шақырып, қонақ қылды. Келесі күні дайындалып, солармен бірге жолға шықты. Иоппедегі бауырластарының біразы оған еріп жүрді. Петір оларға былай деп тіл қатты:— Мен сықылды яһудиге басқа халықтың адамымен араласуға не үйіне кіруге дініміздің ережелері арқылы тыйым салынған, мұны білесіздер. Бірақ Құдай маған ешбір адамға «қасиетсіз яки арам» деп қарамау керек екенін білдірді. Біреулерді Иоппеге жіберіп, Шимон Петірді шақырт. Ол тері илеуші Шимонның теңіз жағасындағы үйінде тұрып жатыр», — деді.
Выбор основного перевода