Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Мен яһудимін, Кіликияның Тарс қаласында тудым, ал осы қалада өсіп, атақты Гамалиелден тыңғылықты тәлім алдым. Ата-бабаларымыздың Таурат заңын мұқият сақтай отырып, осы тұрған өздеріңіз сияқты Құдайдың құрметі үшін жан-тәніммен ұмтылдым. Сол жолға түскендерді өлгендерінше қудаладым, оларды еркек болсын, әйел болсын шынжырмен бұғаулап, түрмеге жапқыздым. Бұл ісіме бас діни қызметкер мен бүкіл Ақсақалдар кеңесі куә. Мен солардан тіпті Дамаскідегі бауырларымызға арналған хат алып, сондағыларды тұтқындап, Иерусалимге айдап әкеліп, жазалау үшін сол жаққа бардым. Жолда Дамаскіге жақындап қалғанда, түске жақын кенеттен көз қарықтырар нұр маған көктен сәулесін шашып жіберді. Содан жерге құлап түскенімде, маған: «Саул, Саул! Мені неге қудалайсың?» — деген дауысты естідім. «Сен кімсің, Ием?» — деп сұрадым. Ол: «Мен сен қудалап жүрген назареттік Исамын», — деді. Қасымдағы серіктерім сәулені көрсе де, маған Сөйлегеннің даусын түсінбеді. Содан кейін мен: «Ием, не істеуім керек?» — деп сұрадым. Иеміз маған: «Орныңнан тұр да, Дамаскіге бар! Сол жерде Менің саған істеуге белгілеп қойғанымды айтады», — деді. Жарқ еткен нұрлы салтанаттан көзім қарығып соқыр болып қалғандықтан, серіктерім мені қолымнан жетектеп жүрді. Осылайша Дамаскіге жеттім. Сол жерде Анани деген біреу қасыма келді. Өзі Таурат заңын мұқият ұстанатын, қаладағы барлық яһудилерге сыйлы кісі екен. Анани жақындап: «Саул бауырласым, көзің ашылсын!» — деді. Сол сәтте-ақ оны көрдім. Анани маған тағы былай деді: «Ата-бабаларымыздың Құдайы сені Өзінің еркін білсін, әділ Кісісін көріп, Соның аузынан шыққан сөзін естісін деп таңдап алған болатын. Өйткені сен барлық адамдарға көріп-естігенің туралы куә болып тұрасың. Енді нені тосып бөгеліп отырсың? Орныңнан тұрып, Иеміздің атын айтып сиынып, шомылдыру рәсімінен өтіп күнәларыңнан арыл!» — деді. Содан мен Иерусалимге қайтып келіп, ғибадатханада мінажат етіп тұрғанда, ерекше күйге еніп, Оны көрдім. Ол маған: «Тезірек Иерусалимнен кет, себебі олар сенің Мен туралы куәлігіңді қабылдамайды», — деді. Мен Оған: «Ием, Саған сенгендерді түрмеге жауып, мәжілісханаларда қамшылап соқтырған мен екенімді олар біледі. Сенің куәгерің Степанның қаны төгіліп жатқанда, мен оны өлтіргендерді жақтап, шапандарын күзетіп қастарында тұрдым ғой», — дедім. Ал Иеміз маған былай деді: «Жолға шық, мен сені алысқа жіберемін, басқа ұлттарға!» Рас, баяғыда мен де назареттік Исаға қарсы күресуді міндетім деп ойладым. Иерусалимде осымен айналысып, бас діни қызметкерден арнайы өкілеттік алып, Құдайдың қасиетті адамдарының көбін түрмеге жаптырдым. Олар өлім жазасына кесілгенде, бұған да келісіп, дауыс беріп отырдым. Барлық мәжілісханаларды аралап жүріп, сондайларды талай рет азапқа салып, оларға Иеміздің атын қорлатуға тырыстым. Ашу-ызаға кернелгенім сонша, оларды шетелдік қалаларға барып та қудаладым. Бірде осы мақсатпен бас діни қызметкерден өкілеттік пен тапсырма алып, Дамаскіге бара жатыр едім. Уа, патша, сонда мен жолда келе жатып түс кезінде күн сәулесінен де жарық, көктен түскен нұрды көрдім. Оның сәулесі өзіме де, серіктеріме де түсті. Бәріміз жерге құлап түстік. Сол кезде бір дауыстың маған еврейше: «Саул, Саул, Мені неге қудалайсың? Сен Иеңе қарсы шығып азапқа қаласың», — дегенін естідім. Мен: «Сен кімсің, Ием?» — деп сұрадым. Иеміз маған: «Мен сен қудалап жүрген Исамын. Орныңнан тұр! Мен сені Өзіме нөкер қылу үшін келдім. Бұдан былай сен Менен көргеніңе және саған кейін көрсететіндеріме басқалар үшін куә болуға тиістісің. Сені өз халқыңа да, басқа ұлттарға да жіберемін әрі олардың жасайтын қастандықтарынан құтқарамын: олар қара түнектен нұрға, әзәзіл шайтанның құлдығынан Құдайға бет бұрулары үшін сен олардың көздерін аш! Сонда олар Маған сеніп, күнәлары кешіріліп, Құдай халқының арасынан өз орындарын алады», — деді. Міне, осы себептен мен, Агриппа ағзам, маған көктен аян беріп, Бұйырғанға бағынбай тұра алмадым. Керісінше, алдымен Дамаск пен Иерусалимнің, одан кейін бүкіл Яһудея аймағының тұрғындары мен басқа ұлт адамдарына да: «Теріс жолдан қайтып, Құдайға бет бұрыңдар, әрі соған лайықты іс істеңдер!» деп уағыз айтып жүрдім. Саул болса, қауымға қырғидай тиді; үй-үйді аралап, әйелдер мен еркектерді сүйреп шығарып, түрмеге жапқызды.
Выбор основного перевода