Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Билеуші ретінде көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін білулеріңіз үшін,.. — деп, сал адамға қарап: — Орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар! — деп тапсырды. Бірақ Петір: «Менде күміс пен алтын жоқ. Дегенмен саған барымды беремін: назареттік Исаның атынан айтамын: орныңнан тұрып, жүріп кет!» — деді де, Ал енді, өздерің танып, көріп жүрген мына кісіге Исаның құдіреті күш-қуат беріп сауықтырды. Өйткені Оның есіміне сендік. Иә, Иса берген сенім сендердің көз алдарыңда оның денсаулығын түгелімен қалпына келтірді. Ендеше бәріңіз де біліп алыңыздар, бүкіл Исраил халқына да мәлім болсын: сіздер айқышқа шегелетіп өлтірткен, ал Құдай өлімнен қайта тірілткен назареттік Иса Мәсіхтің атынан мына кісі сауығып, қарсы алдарыңызда тұр.
Выбор основного перевода