Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
оларға Мұса мен бүкіл басқа пайғамбарлардан бастап, Киелі жазбалардың бәрінде Өзі туралы айтылғандарды түсіндірді. Содан кейін Мәсіх Иса: «Сендермен бірге жүрген кезімде өздеріңе айтқан сөздерім мынау болатын: Мұсаның Таурат кітабында, Пайғамбарлардың жазбаларында және Забурда Мен туралы жазылғандардың бәрі орындалуға тиіс, — деп, Киелі жазбаларды түсінуге олардың саналарын оятты. Тағы сөзін жалғастырып: — Былай деп жазылған ғой: Мәсіх азап шегіп өліп, үшінші күні қайта тірілуге тиіс. Оның атынан Иерусалимнен бастап барлық ұлттарға да теріс жолдан қайтқан адамдардың күнәларын Құдай кешіреді деген Ізгі хабарды жариялау да қажет. Бірақ мен ата-бабаларымыздың Құдайына олар діни бағыт деп атаған жол бойынша қызмет етіп, Таурат пен Пайғамбарлар жазбаларындағылардың бәріне де сенетінімді мойындаймын.
Выбор основного перевода