Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай Пауыл Дербе мен Лүстраға да барды. Сол жерде Тімоте есімді Мәсіхтің жолын қуушы шәкірті бар еді. Оның шешесі Мәсіхке сенетін яһуди әйел, ал әкесі грек болатын. Бауырластары Пауыл мен Сыйласты дереу сол түні-ақ Береяға жөнелтіп жіберді. Олар бұл қалаға жетісімен яһудилердің мәжілісханасына барды. Бүкіл қала қозғалысқа түсті. Адамдар Пауылдың Гай мен Арыстарқ есімді македониялық серіктерін ұстап алып, сүйрелеп, бәрі бір адамдай ойын-сауық алаңына қарай лап қойды. Адрамитилық кемеге мініп, теңізге шықтық. Ол жол-жөнекей Азия аймағының кемежайларына кіретін болды. Бізге Салониқадан шыққан македониялық Арыстарқ ере жүрді. Қызметкерім Тімоте және ағайындарым Лұси, Ясон және Сосипатыр сәлем айтуда. Сүйікті бауырымыз әрі Иеміздің адал қызметшісі Түхік менің жағдайым мен қызметім туралы білулерің үшін сендерге бәрін хабарламақ. Адал көмекшім әрі Иемізге бірге қызмет етуші, сүйікті бауырласымыз Түхік сендерге мен туралы бәрін хабарламақ. Оны сол мақсатпен жіберіп отырмын, ол жағдайларыңның қалай екенін көріп, жүректеріңді жігерлендірмек. Түхікті Ефеске жібердім. Ераст Қорынт қаласында қалды, Трофимды ауырғандықтан Мілит қаласында қалдырдым. Мен Артема не Түхікті саған жіберген бойда кешікпей-ақ Никополға тез жетуге тырыс, сол жақта қыстап шығуға бел будым.
Выбор основного перевода