Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қазір алдарыңда тұрмын. Жаратқан Иенің және Оның тағайындаған патшасының алдында маған қарсы куә болыңдар: мен кімнің өгізін не есегін тартып алдым? Кімге қулық-сұмдық жасап, жәбір көрсеттім? Кімнен пара алып, әділдікті бұрмаладым? Егер солай істеген болсам, оның бәрін қайтарып беруге дайынмын. — Ауруларды сауықтырып, өлгендерді қайта тірілтіңдер, алапестерді құлантаза айықтырып, жындарды қуып шығарыңдар. Тегін алдыңдар, тегін беріңдер де! Басқалардың бұған қақысы болса, біз одан бетер қақылы емеспіз бе?Алайда осындай хақымыз бола тұра, оны пайдаланған емеспіз. Қайта, біз Мәсіх туралы Ізгі хабардың таралуына кедергі жасамау үшін әр түрлі қиыншылықтарға шыдап келеміз. Жүректеріңнен бізге орын беріңдер. Біз ешқайсыңа да әділетсіздік істеп, зиян келтірген жоқпыз. Ешкімді алдап, пайдаланған да емеспіз. Өйткені Македониядан келген бауырластар қажет нәрселерімнің орнын толтырды. Қай істе де сендерге ауыртпалық түсірмеуге тырыстым және тырысамын да. Не болмаса жіберген кісілерімнің біреуі арқылы өздеріңді пайдаландым ба?
Выбор основного перевода