Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Яһуда да біз сияқты елші болып, қызметке бірге тағайындалған еді. Бірақ ол:— Неменеге жылап, жүрегімді ауыртып тұрсыңдар? Мен Иеміз Исаның атын жариялау үшін Иерусалимде қол-аяғымды байлатпақ түгіл, жанымды қиюға да дайынмын, — деп жауап берді. Сонымен, Құдайдың рақымымен осы қызметке ие болған біз еш мойымаймыз. Ғалатия өлкесіндегі сенушілер қауымдарына Пауыл елшіден және қасымдағы барлық бауырластардан дұғай сәлем. Ал мені елшілікке тағайындаған — адам баласы емес, Иса Мәсіх және Оны өлімнен қайта тірілтіп алған Құдай Әкеміз. Мен «ізгі күреске» қатысып болдым, «жарыста жүгіріп, мәреге жеттім», сенімімді сақтап қалдым. Өзі белгілеген уақытында хабарын уағыздатып, паш еткізді. Соны уағыздау Құтқарушымыз Құдайдың бұйрығымен маған да аманатталды.
Выбор основного перевода