Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Одан (Сирияның) Дамаск қаласындағы мәжілісханаларға арнап хат жазып беруін сұрады. Саул сол жерден тапқан еркек болсын, әйел болсын Исаның жолына түскендерді бұғаулап, Иерусалимге алып келмекші еді. Қала тұрғындары екі жақ боп бөлініп, бір жағы сенбейтін яһудилерді, басқалары елшілерді қолдады. Пауыл халық алдына шыққысы келіп еді, бірақ сенушілер оны жіберген жоқ. Жаратқан Ие мынаны айтады: Сондықтан олардың арасынан шығыңдар! Олардан бөлек тұрыңдар, арам нәрселеріне мүлдем жоламаңдар! Сонда Мен сендерді қабылдаймын. Азия аймағындағы сенушілердің бәрінің дерлік мені тастап кеткенін білесің. Олардың арасында Фігел мен Ермоген де бар. Қате ілім таратып, жік салатын әркімге бір-екі рет ескерту жасап, тыңдамаса байланыстарыңды үзіңдер. Әбден бүлінген мұндайдың күнә жасай беріп, өз үкімін өзі шығаратынын білесің. Сондықтан да біреу келіп, осы ілімге қарсы бір нәрсе үйретсе, ондайды үйлеріңе кіргізбеңдер, тіпті сәлемін де алмаңдар!
Выбор основного перевода