Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен сендерді теріс жолдан қайтқандарыңның белгісі ретінде суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіземін. Ал менен құдіретті Біреу менен кейін келе жатыр. Ол сендерді Киелі Рухына әрі отқа шомылдырады. Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын. Осы сөздерге сай, Жақия пайғамбар (Иордан алқабындағы) иен далада пайда болып, кездестірген адамдарына былай деп уағыз айтты: «Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Соның белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді». Жақия былай деп те уағыз айтты: «Менен құдіретті Біреу менен кейін келе жатыр! Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын. Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіздім, ал Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына шомылдырады». Иса келместен бұрын, Жақия пайғамбар Исраил халқына: «Теріс жолдан қайтып, шомылдыру рәсімінен өтіңдер!» — деп уағыз айтып жүрген еді. Өз қызметінің соңғы кезінде Жақия пайғамбар: «Сендер мені кім деп ойлайсыңдар? Мен Ол емеспін! Қараңдар, Ол менен кейін келе жатыр. Бірақ мен Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын», — дейтін. Өткен дәуірлерде Құдай мұндай ұғымсыздыққа сабырлылық көрсетті, алайда қазір Ол барлық жердегі адамдардың бәріне де теріс жолдан қайтуды бұйырады. Яһудилер мен гректерге: «Күнәларыңа өкініп, Құдайға бет бұрып, Иеміз Иса Мәсіхке сеніңдер!» деп ескерттім.
Выбор основного перевода