Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дегенмен екі елші едәуір уақыт сол жерде болып, Иеміз туралы батыл сөйлеп жүрді. Ол елшілерге кереметтер жасайтын құдіретті күш беріп, Өзінің рақымдылығы туралы Ізгі хабарды растады. Олар әріптес болғандықтан, бірге тұрып, бірге жұмыс істеді. Ортақ кәсіптері шатыр жасау еді. Әр сенбі сайын Пауыл мәжілісханадағы жамағатпен сөйлесіп, яһудилер мен гректерді Ізгі хабарға сендіруге ұмтылды. Македониядан Сыйлас пен Тімоте келген соң, Пауыл өзін түгелдей уағыз жұмысына арнап, яһудилерге Исаның Құтқарушы Мәсіх екеніне куәлік келтірумен болды. Ал яһудилер оған қарсы шығып, тіл тигізгеннен кейін, Пауыл үстіндегі киімдерінің шаң-тозаңын қағып тастап, оларға былай деді: «Қандарың өз мойындарыңда! Менің ар-ұжданым таза! Қазірден бастап басқа ұлттарға барамын». Сондықтан елшілер Мүзиядан өтіп, Троада қаласына барды. Сол түнде Пауылға бір македониялық кісі аян берді. Ол мұның алдында тұрып: «Македонияға келіп, бізге көмектесе гөр», — деп өтінді.
Выбор основного перевода