Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Енді аз уақыт қалды, содан кейін осы күнәкар дүние Мені көрмейді, ал сендер Мені көресіңдер. Мен қайта тірілемін, сондықтан сендер де мәңгілік өмірге ие боласыңдар. Исқариоттан өзге Яһуда Исадан:— Мырзам, Сіз қалайша осы дүниеге емес, тек бізге ғана Өзіңізді таныстырмақсыз? — деп сұрады. Сендер де куәлік бересіңдер, себебі қызметімнің басынан бастап қасымда болып келесіңдер. Иса оларды: «Енді келіп, тамақтаныңдар!» — деп шақырды. Шәкірттердің ешқайсысының: «Кімсіз?» — деп сұрауға батылы бармады. Себебі олар Оның Иеміз екенін білді. Иса келіп, нан алып, бұларға үлестіріп, балықтан да берді. Бірде Иса елшілерімен дастарқан басында жиналған кезде оларға былай деп бұйырды:— Иерусалимнен кетпей, Әкенің өз уәдесін орындауын тосыңдар! Мен сендерге сол туралы айтқан едім ғой. Осы жазбалардың тағы алдын ала айтып кеткеніндей, Мәсіх қабірге қойылып, үшінші күні қайта тірілді. Ол Кефаға (яғни Петірге), содан кейін он екі елшінің бәріне көрінді. Мұнан соң Оны бес жүзден аса бауырластарымыз да бір мезгілде өз көздерімен көрді: олардың көпшілігі әлі тірі, біразы ғана қайтыс болды. Содан кейін Мәсіх Жақыпқа, сондай-ақ барлық елшілеріне көрінді.
Выбор основного перевода