Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
адамның аузынан енген нәрселер оны арамдай алмайды. Керісінше, аузынан шыққандары адамды арамдайды». адам бойына сырттан енген еш нәрсе де оны арамдай алмайды. Керісінше, ішінен шыққандары адамды арамдайды. (Құлағы барлар жақсылап тыңдасын!) Себебі олар жүрекке емес, тек асқазанға жетіп, кейін денеден шығып кетеді. — Осылай Иса барлық тағамдардың да адал екенін айтты. Петір оларға былай деп тіл қатты:— Мен сықылды яһудиге басқа халықтың адамымен араласуға не үйіне кіруге дініміздің ережелері арқылы тыйым салынған, мұны білесіздер. Бірақ Құдай маған ешбір адамға «қасиетсіз яки арам» деп қарамау керек екенін білдірді. Мен Иеміз Исамен байланысқандықтан мынаған кәміл сенемін: ешқандай тамақ өзінен-өзі арам емес. Алайда біреу қайсыбір тағамды арам деп санаса, онда ол сол кісі үшін арам. Құдайдың Патшалығы ішіп-жеуде емес, Киелі Рухтың күшімен әділ, өзара тату, қуанышты өмір сүруде. Базарда сатылатын еттің бәрін құрбандыққа шалынғандығы жайлы еш сұрақ қоймай ар-ұждан алдында қысылмай-ақ, жеулеріңе болады. Құдай жаратқандардың бәрі де адал; шүкірлік етіп қабылданған тамақтарға тыйым салуға болмайды. Көңілі тазаларға бәрі де таза, ал күнәға былғанып, сенбейтіндер үшін еш нәрсе де таза емес, олар ақыл-естері де, ар-ұждандары да арамданғандар.
Выбор основного перевода