Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол кезде Кесарияда Корнел есімді кісі тұратын. Ол «Италиялық жасақ» деп аталған әскер бөлімінің жүзбасы еді. Үй ішімен шын жүректен Құдайды қастерлейтін Корнел яһуди халқының кәріп-қасерлеріне көп қайырымдылық жасап, ұдайы Құдайға сиынып мінажат етіп жүретін. Бір күні түс қайта сағат үш шамасында Корнел Құдайдың бір періштесінің берген аянын анық көрді. Періште үйге кіріп, Корнелдің қарсы алдына тұра қалып:— Корнел! — деп тіл қатты. Одан көз алмай, шошып кеткен жүзбасы:— Мырза, не істеуім керек? — деп сұрады. Періште:— Сенің еткен мінажатың және жарлыларға көрсеткен қайырымдылығың Құдай алдына жетті; Ол соларды мейірлене ескереді. Енді біреулерді Иоппеге жіберіп, Шимон Петір деген адамды шақырт. Ол тері илеуші Шимонның теңіз жағасындағы үйінде тұрып жатыр, — деп жауап берді. Өзімен сөйлескен періште ғайып болып кеткеннен кейін Корнел қызметшілерінің екеуін және өзіне қызмет етіп жүрген жасақшыларының біреуін шақырып алды; ол да Құдайды қастерлейтін кісі еді. Соларға бәрін айтып түсіндіріп, Иоппеге жіберді. Содан кейін әйел күйеуіне келіп, былай деді: «Маған Құдайдың жіберген бір адамы келіп кетті. Оның сыртқы көрінісі Құдайдың періштесі сияқты үрей туғызады. Мен оның қайдан келгенін сұраған жоқпын, ол да өзінің аты-жөнін айтқан жоқ. Оның сырт көрінісі найзағай іспетті, ал киімі қардай аппақ еді. Ішке кірген әйелдер оң жақта отырған ақ киімді бір жас жігітті көріп, абыржып қорқып кетті. Олар бұған аң-таң болып тұрғанда, киімдері найзағайдай жарқыраған екі ер адам кенеттен қастарына келіп, тұра қалды. Олар аспанға қадала қарап тұрған кезде, кенеттен ақ киімді екі жігіт қастарында пайда болды да, оларға тіл қатып: Осы күндердің бірінде Петір мен Жохан күндізгі сағат үште, яғни Құдайға сиынатын мезгілде, ғибадатханаға өрлеп бара жатты.
Выбор основного перевода