Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие сендерді бөтен халықтардың арасына айдатып жібергенде, олардың бәрі кешкен азаптарыңды көріп, шошынады. Сендерді мазаққа айналдырып, келекелейтін болады. Мен барлық патшалықтарды олардан шошынып аңтарыла жиренетін қыламын. Қай жерге шашыратып жіберсем де, олар мазаққа айналып табаланады әрі келекеленіп қарғалатын болады. Иә, Мен оларды семсер, ашаршылық және індетпен соңдарынан қалмай қуып, бүкіл жер бетіндегі патшалықтарға қорқынышты көрініс етемін. Оларды Өзім қуып жіберген барлық халықтардың арасында бәрі қарғап, жандары түршігіп ысқырып, келекелеп масқаралайтын болады. Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, тағы мынаны айтады: Менің қаһарым Иерусалим тұрғындарына төгілгендей, Мысырға көшкен кездеріңде сендерге де төгіледі. Сендер қарғалып, қорқынышты көрініске айналып, масқара мен мазаққа ұшырайсыңдар. Ал осы жерді сендер енді қайтып көрмейтін боласыңдар. Уа, Яһуда халқы әрі (Солтүстік) Исраил халқы! Сендер бұрын басқа ұлттардың арасында қарғысқа ұшырағанның мысалы болып келген едіңдер. Ал енді Мен сендерді құтқарамын, сонда сендер жарылқанып, игілікке кенелесіңдер. Қорықпаңдар, қолдарыңның күшін нығайтыңдар!»
Выбор основного перевода