Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Діни қызметкер сол адамның терісіндегі жараны қарап шықсын. Егер жараның орнындағы түк ағарып кеткен және жара ойық болса, онда бұл — жұқпалы тері ауруы. Бұл жағдайда діни қызметкер терісінің осындай екенін анықтаған адамды таза емес деп жарияласын. Осындай жұқпалы аурумен ауырған адам көйлегінің өңірін айыра жыртып, шашын жинамай жайып жіберіп, бетінің төменгі бөлігін жауып алып, «Таза емеспін! Арамданғанмын!» деп айқайлап жүретін болсын. Адам жұқпалы ауруынан айықпайынша таза емес қалпы қала береді. Ол ел қонысының сыртында оңаша тұруға тиіс. — Исраил халқына мынаны айтыңдар: егер біреудің денесінен ірің бөлінетін болса, сол адам таза емес болып саналады. Ұрлық жасама!Өтірік айтпа!Бір-біріңді алдамаңдар! Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді:— Діни қызметті атқаратын Һаронның ұлдарына мынаны айт: Діни қызметкер халқының арасынан қайтыс болған ешкімнің мәйітіне жанасып, өзін арамдамасын. Бұлт киелі шатырдан жоғары көтеріліп кеткенде, Мәриямның бүкіл денесін қардай аппақ алапес басып кетті. Һарон Мәриямға қарай бұрылғанда, оның алапес екенін көрді. Жаратқан Ие Мұсаға:— Егер әкесі бетіне түкіріп жіберген болса, Мәриям ұялғаннан жеті күн бойы жұрттың көзіне көріне алмай жүрмес пе еді? Сол сияқты ол ел қонысының сыртына жеті күнге аластатылсын. Содан кейін оны қайтадан алып келуге болады, — деді. Өлген адамның мәйітіне жанасқан әркім жеті күн бойы таза емес арамданған болып саналады. Өлген адамның мәйітіне жанасып, тазару рәсімінен өтпеген әркім Жаратқан Иенің жер бетіндегі тұрағын арамдайды. Ондай адам Исраилдің қауымынан аластатылсын. Тазарту суы оған бүркіп себілмегендіктен ол арамданған күйінде қала береді. Хаққай сөзін сабақтап:— Ал егер өлікпен жанасып арамданған біреу осындай заттарға жанасып кетсе ше, олар да арамданып қала ма? — деп сұрады. Діни қызметкерлер:— Иә, арамданады, — деп жауап берді.
Выбор основного перевода